Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 529 – 533 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: freepik.com

Ұлттық банктің 17 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 529,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 544,64.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 532,3 теңге. Еуро 544 — 549 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 531,5 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 544,5 теңгеден сатылып, 548,3 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09 - 5,18 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 16 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,03 теңгеге төмендеп, 529,71 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар