Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 – 520 теңгеден саудаланып жатыр.

д
Фото: pixabay

Ұлттық банктің 11 сәуірге ұсынған ресми бағамы -  бір долларға 515,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,06 теңге. Еуро - 570, 66.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 515,13 теңге. Еуро 566 - 573 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 520 теңге, сатып алу құны - 513 теңге. Еуро 564 теңгеден сатып алынып, 571 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,97 - 6,09 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 10 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,26 теңгеге төмендеп, 515,18 теңге болған.

Бұған дейін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар