Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 530 - 537теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 531,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 533,5 теңге. Еуро 545 – 550 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 530 теңге, сатып алу құны – 537 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 555 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 7 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 527,30 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,95 теңге. Еуро – 544,86.

Айта кетейік, 6 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,17 теңгеге қымбаттап, 527,47 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.