Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499 – 505 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: freepik.com

Ұлттық банктің 18 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 498,75 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,46 теңге. Еуро — 523,09.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 499 теңге. Еуро 521— 526 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505,3 теңге, сатып алу құны — 499,3 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 520 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,34 - 5,46 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 17 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,53 теңгеге қымбаттап, 498,57 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар