Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 – 521 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

Ұлттық банктің 13 сәуірге ұсынған ресми бағамы - бір долларға 514,94 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,13 теңге. Еуро - 583,74.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 515 теңге. Еуро 581 - 589 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 521 теңге, сатып алу құны - 514 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 592 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,10 - 6,21 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 11 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге төмендеп, 514,94 теңге болған.

Бұған дейін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар