Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 476 – 481 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

деньги
Фото: ҚазАқпарат

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476-481 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 477,5-480,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 11 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 477, 21 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,81 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,71-4, 91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,75-4,9 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 10 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,09 теңгеге қымбаттап, 477,25 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар