Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 494,34 теңге, сату - 496,73 теңге;
- еуро: сатып алу - 585,05 теңге, сату - 590,03 теңге;
- рубль 6,36 - 6,48 теңге аралығында саудаланады.
- юань 71,39 - 74,37 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 493,03 теңгеден сатып алынады, 500,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 582,03 теңге, сату - 592,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,25 теңге, сату - 6,55 теңге;
- юань 72,26 теңгеден сатып алынады, 76,60 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 9 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге қымбаттап, 494,75 теңге болды.