Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 507,68 теңге, сату — 510,13 теңге;
— еуро: сатып алу — 588,93 теңге, сату — 594,85 теңге;
— рубль 6,46 — 6,58 теңге аралығында саудаланады.
— юань 72,77 — 75,34 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 505,57 теңгеден сатып алынады, 512,54 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 587,46 теңге, сату — 597,46 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,47 теңге, сату — 6,57 теңге;
— юань 73,61 теңгеден сатып алынады, 77,63 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 2 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,8 теңгеге арзандап, 508,20 теңге болды.