21:00, 10 Қараша 2024 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 492– 496 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 494,7 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 491 теңге, сатып алу құны — 496 теңге.
Ұлттық банктің 10 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 491,71 теңге.
Осыған дейін отандық қаржы сарапшылары теңгенің долларға шаққандағы бағамына қатысты өз ойларын айтты.
Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов қазір теңгенің әлсіреуі АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі емес, ең алдымен ішкі экономикалық факторларға байланысты деп есептейді.