Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 491 – 496 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Валюта
Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 14 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге. Еуро — 522,39.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 495 теңге. Еуро 523 — 526,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 491 теңге, сатып алу құны — 496 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,87 теңгеге төмендеп, 492,22 теңге болған.

Қаржыгер Расул Рысмамбетов теңге бағамында алыпсатарлық жасайтындарды анықтау маңызды екенін айтты. 

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы соңғы жағдайларға түсініктеме берген еді. 

Соңғы жаңалықтар