Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487 — 492 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490,3 теңге.Еуро 529,5 — 533,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 492 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 — 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 1 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,04 теңгеге қымбаттап, 488,2 теңге болған.
Осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірген еді.
Бұған дейін қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді.