Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 490 - 495 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 8 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге. Еуро — 529,38.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 491,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 492,9 теңге. Еуро 529,5 — 532,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 490 теңге, сатып алу құны — 495 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 7 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 492,10 теңге болған.
Осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірген еді.
Сондай-ақ қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірген болатын.