«Ақша баламен бірге жүреді»: Балабақша ауыстырудың жаңа тәртібі енгізілмек
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде баланы бір балабақшадан екіншісіне ауыстырудың жаңа мемлекеттік қызметін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Құрылтай депутаттарының сауалына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың жауабында айтылған.
Министрдің мәліметінше, Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметтеріне сәйкес, республикада 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда 2 жастан 6 жасқа дейінгі 1,1 млн бала тәрбиеленіп жатыр. Оның ішінде 437 мың бала 5 357 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымда, 521 мың бала 6 853 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленіп жатыр. Сонымен қатар 167 мың бала мектепалды даярлық сыныптарында білім алады.
— Мектепке дейінгі білім беру саласында балаларды кезекке қою, құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау мемлекеттік қызметтері көрсетіледі. Балаларды балабақшамен қамтуды арттыру мақсатында мемлекет тарапынан білім беру тапсырысы орналастырылады. Мемлекеттік тапсырыс тәрбиеленушілердің қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда болуын қамтамасыз ететін және белгіленген талаптарға сәйкес келетін мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады, — деді ол.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Ол ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына сәйкес «ақша баламен бірге жүреді» қағидаты негізінде жүзеге асырылады. Ваучер тікелей балаға беріледі. Бұл ата-анаға меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымды таңдауға мүмкіндік береді. Алайда балабақшаны таңдау бос орын болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
— Пилоттық жоба аясында баланы қалаған балабақшаға ауыстыру үшін «күту парағына» тіркеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте ата-ананың өзі таңдаған балабақшадан орын алу кезегін күту құқығы сақталады. Ал кезек күту кезеңінде бала басқа мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленіп, білім ала алады, — деді министр.
Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, қазіргі уақытта министрлік пилоттық жобаның нәтижесі бойынша тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымдар арасында ауыстырудың жаңа мемлекеттік қызметін енгізу мәселесін жан-жақты қарастырып жатыр. Бұл ретте баланы бір балабақшадан екіншісіне ауыстыру рәсімінің ашықтығы мен реттілігі, сондай-ақ баланың жеке қажеттіліктері мен ата-анасының қалауы ескерілетін болады.
— Сонымен қатар пилоттық жоба аясында «жалған тәрбиеленушілердің болуы», сондай-ақ әртүрлі өңірлерде бір контингенттің бірнеше рет қайталануы фактілері анықталған. Тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері негізінде Оператор — «Қаржы орталығы» АҚ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әрбір мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің контингенті туралы мәліметтерді өзектендіріп, анықталған сәйкессіздіктерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Министрлік пилоттық жобаның қорытындысы бойынша ваучерлік қаржыландыру тетігіне қатысты тиісті шешімдер қабылдайды, — деді ол.
Бұған дейін Құрылтай депутаты Ләззат Қожахметова Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың атына жолдаған сауалында мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою жүйесін қайта қарау мәселесін