Ақсу ферроқорытпа зауыты өз қызметкерлері үшін салып жатқан үйді аяқтауда

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 17 мамыр. ҚазАқпарат -Ақсу ферроқорытпа зауыты өз қызметкерлері үшін Ақсу қаласында салып жатқан тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үстінде, деп хабарлады қала әкімдігінен.
None
None

Бес қабатты ғимаратта ауданы 40-80 шаршы метр аралығындағы 64 пәтер бар.

Бұл Ақсу ферроқорытпа зауытының өз қызметкерлері үшін салған екінші көппәтерлі үйі. Пәтер иелері баспана құнын 10 жыл бойы төлейтін болады, оларды сатып алуға зауыт жұмыскерлеріне жылына бір пайыздық үстемемен қарыз беріледі.

Соңғы жаңалықтар