Ақсу ферроқорытпа зауыты жаңа өнім түрін шығармақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауыты жаңа өнім түрін шығаруды мақсат етіп отыр. Кәсіпорын төмен көміртекті ферроқорытпа өндірісін қолға алмақ, деп хабарлады 24.kz.

Осының арқасында отандық нарық аталған өнім түрімен толық қамтылады. Ақсудың ферроқорытпа зауытындағы осы және өзге де тың жаңалықтар металлургтер күні қарсаңында белгілі болды.

Сондай-ақ, мереке күні кәсіпорынның үздік мамандары марапатталды Ақсудың ферроқорытпа зауыты жылына миллион тоннадан астам өнім өндіреді. Мұндағы ферроқорытпа АҚШ пен Еуропа, Қытай мен Ресей еліне эскпортталады. - Металлургтің жұмысы асқан жауапкершілікті талап етеді. Кезкелген маман жан-жақты болуы керек. Жұмысты жетілдіруге атсалысып, кәсіпорынның беделін арттыруға үлес қосуы тиіс. Ақсудың ферроқорытпа зауытында шаһар тұрғындарының басым бөлігі еңбектенеді. Сондықтан, қала тұрғандары металлургтер күнін жыл сайын асыға күтеді, деді Ақсу ферроқорытпа зауытының инженері Денис Сель Биылғы мерекені жергілікті жұртшылық бар сән-салтанатымен атап өтуді жоспарлап отыр. Металлургтердің құрметіне Қазақстан мен Ресейдің эстрада жұлдыздары өнер көрсетпек.

Соңғы жаңалықтар
telegram