09:39, 12 Қазан 2013 | GMT +5
Ақсу ферроқорытпа зауытында жаңа 140 тонналық кран құрастырылуда - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ақсу ферроқорытпа зауытында 140 тонна жүк көтеруге мүмкіндігі бар жаңа кранның құрастырылуы аяқталуда, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

«Жаңа кранның кабинасы өте ыңғайлы, - дейді № 6 цехтың кран шаруашылығының шебері Александр Самсонов. - Эргономикалық кресло басқару пультымен бірге бұрылады, басқару үшін сезімтал джойстиктер қолданылады. Ішінде тіпті температуралық режимді сақтап тұруға арналған кондиционер қондырылған».
Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде келіп жатқан жаңа крандар алдыңғылардан құрылымдық жаңалықтарымен, электронды, соның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік датчиктері санының көптігімен ерекшеленеді, деп атап айтты зауыттың бас механигі Николай Васильев.
Жыл басынан бері Ақсу ферроқорытпа зауытына төрт жаңа кран келді. Зауыттың техникалық құрал-сайманды жаңарту және барлық жүк көтергіш механизмдерді алмастыру бастамасы келесі жылы да жалғасын табады.