Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшылар үшін үй салу жұмыстары жалғасын табады

Жаңа үйлердің бірін 4-ші шағын аудандағы Строителей, 40 көшесінде салады. Бұл көп қабатты кірпіш үй болады. Онда 10 үш бөлмелі (аумағы 81 шаршы метр), 40 екі бөлмелі (аумағы 63 шаршы метр) және 30 бір бөлмелі (аумағы 42 шаршы метр) пәтерлер болады.
Зауыт баспанасын қаржыландыру механизмі жайлы айтты.
«Еуразиялық топтың тұрғын үй бағдарламасы аясында Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшылары үшін үш үй салынды. Бұрын инвестбағдарлама бойынша қаражат тікелей кәсіпорынға бөлінген. Биыл ERG облыс әкімдіктерімен 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының IV топтағы қатысушылары үшін алдағы уақытта сатып алу құқығымен арендалық баспана беру жобасын жүзеге асыру бойынша келісімге қол қойылды.
80 пәтерлі үйдің құны шамамен 530 млн. теңге. Зауыттықтар үшін бір шаршы метрі, болжап есептеу бойынша, шамамен 120 мың теңгені құрауы тиіс. Әрине, бағдарлама аясында ипотекалық несиелендіру қарастырылған», - деді Ақсу ферроқорытпа зауытының күрделі жөндеу және құрылыс басқармасының басшысы Серік Шаяхметов.
Мердігер компания 2016 жылдың сәуірінде таңдалады. Бір жылдан кейін мердігер нысанды пайдалануға беруі тиіс.