20:41, 21 Маусым 2023 | GMT +5
Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өрт сөндірілуде
АҚСУ. ҚазАқпарат - Ақсу ферроқорытпа зауытындағы №4 балқыту цехында пештің трансформаторы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат кәсіпорынның Instagram желісіндегі хабарламасына сілтеме жасап.

Өрт 21 маусым күні сағат 16:00-де шыққан.
«Өртті кәсіпорынның апаттық-құтқару қызметі мен Ақсу қалалық өрт сөндіру бөлімі оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар басқармасы штаб құрды. Тергеу басталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - деді Ақсу ферроқорытпа зауытынан.
Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарады.