«Ақсу» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды
Облыстық футбол федерациясының президенті Ұлан Жазылбек жаңадан тағайындалған маманды жұртшылыққа таныстырып, сәттілік тіледі.
Қайсар Байсуфинов бұған дейін алты жыл бойы «Ертіс» футбол орталығында жаттықтырушы болып істеген. Федерация басшылығы бас бапкерге өңірдің бас командасы «Ертіске» қажет резервті даярлауды міндеттеді. Сонымен бірге, жаңадан тағайындалған жаттықтырушыға команданың Екінші лигада басқа ұжымдарға қарсылық көрсете алатын тегеурінді қарсылас болып қалыптастыруды тапсырды.
«Ақсу» ФК футболдан Қазақстан чемпионатының Екінші лигасында өнер көрсетеді. Команда былтырғы маусымда 21 ұжым арасында 15-орында тұрақтады. Командада негізінен жастар, облыс футбол мектептерінің түлектері ойнайды. Қайсар Байсуфиновқа дейін «Ақсуды» Владимир Линчевский басқарған.