Ақсу қаласының маңында екі адам көлікпен өзенге құлап, опат болды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Жазатайым оқиғаға тап болғандар балық аулауға шыққан. Құтқарушылар олардың мүрделерін судан алып шықты.

Ақсу қаласының маңында екі адам көлікпен өзенге құлап, опат болды
Фото: polisia.kz

17 қыркүйек күні сағат 00:30-да 112 пультіне Ақсу қаласы маңында орналасқан Белая өзеніне ішінде екі адамы бар «Нива» көлігі абайсызда түсіп кеткені туралы хабарланған. 

– Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар қаласынан төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді. Сағат 07:45-те құтқарушылар 1960 және 1977 жылдары туған қос ер адамның денелерін судан алып шықты, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, биыл Павлодар облысының су айдындарында 14 адам ажал құшқан. 

Соңғы жаңалықтар