09:36, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Ақсу қаласында академик Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Республика елордасына арналған мереке күндері Ақсу қаласында салтанатты жағдайда Қазақстан ҒА тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ғалымның мүсіні қаланың басты көшесіне орнатылды. Ескерткіш авторы павлодарлық мүсінші Игорь Соболев мүсіндік портретте атақты жерлесін барынша шынайы көрсетуге тырысқан.
Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген Ақсу әкімі Оразгелді Қайыргелдинов, әлемге танымал ғалымның Қазақстанның дамуы жолында сіңірген ерен еңбектеріне тоқталып өтті. Ақсудың жанынан басталатын Ертіс-Қарағанды арнасы Қаныш Сәтбаевтың есімімен кездейсоқ аталмайды. Ертіс суы өнеркәсіптік қаланы сусындатып, аймақтың ауыл шаруашылығының кеңеюіне серпін беріп отыр.