14:21, 07 Наурыз 2009 | GMT +5
Ақсу қаласында көп балалы аналарға құрмет көрсетілді ? Павлодар облысы
ПАВЛОДАР. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алты және одан да көп бала тәрбиелеген аналармен кездескен Ақсу қаласының әкімі (Павлодар облысы) Оразгелді Қайыргелдинов оларды төл мерекелерімен құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиналған 140-тан астам құрметті қонақтардың арасында Ұлы Отан соғысына қатысушылар және еңбек ардагерлері де болды.
Әкіммен өткен жүздесу мерекелік көңіл күйде өтті. Қала басшысы от басының жарастығын келтіріп отырған абзал аналарға алғысын білдірді және олар жинақтаған өмірлік мол тәжірибенің жастар үшін пайдасы молдығын жеткізді. Аналардың ақыл-кеңесі жастардың берік отбасын құруларына және бала тәрбиелеуге, үлкендер дәстүрін сақтауға ықпал етеді. О.Қайыргелдинов бірқатар аналарды «Күміс Алқа» медалімен, естелік сыйлықтармен марапаттады. Кездесу соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.