Ақсу қаласында өткізілген «Құс базары» байқауына Павлодар облысының барлық аудандарының жас суретшілері қатысты

ВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ақсу қаласында өткізілген «Құс базары» ІІ экологиялық байқауына Павлодар облысының барлық аудандарының 215 жас суретшілерінің, фотосуретшілерінің және қолөнер шеберлерінің 500-ден астам жұмысы қатысты.
None
None

Өз шығармашылықтарында балалар көбінесе табиғат тақырыбын бейнелеген. Олардың суреттері мен туындыларының кейіпкерлері көп жағдайда құстар мен аңдар, гүлдер мен ағаштар екен.

«Биылғы жылы байқау облыстық деңгейде өтіп отыр, - деп атап өтті Ақсу қаласының балалар өнер мектебінің ұстазы Жанна Ошмарина, - оған қатысы отырған балалардың саны екі есеге артты».

44 суретші шығармашалық байқаудың жеңімпаздары болды. Байқаудың арнайы жүлдесі - Ақсу қаласындағы өнер мектебінде оқудың бір жылдық ақысын үш жас қылқалам шебері иеленді.

Соңғы жаңалықтар