10:14, 09 Мамыр 2009 | GMT +5
Ақсу қаласының әкімі ардагерлерді мерекемен құттықтады
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Құрметті қонақтарға арнап мерекелік дастарқан жайылды, олардың әрқайсысына сыйлықтар таратылды және көркемөнерпаздар ұжымы концерт қойды. Соғыс ардагерлерінің жеке есепшоттарына қалалық бюджеттен 25 мың теңгеден аударылды. Көрсетілген мұндай құрметке ақсақалдар ризашылығын білдірді, дастарқан басында қанды көйлек қаруластарымен сұхбат құрып, сүйікті майдан әндерін тыңдады.«Жастардың соғыс ардагерлеріне деген құрметі біздерді қуантады. Олар еліміздің болашағы, осыны біздер көңілге медет тұтамыз», ? деді қарт майдангер Анатолий Гончаренко.