Ақсу қаласының балабақшаларында заңсыздықтар анықталды - прокуратура

Төрт балабақшада анықталған мұндай фактілер бөлмелердің санитарлық-гигиеналық жағдайына теріс әсерін тигізген - жайлардағы ауа-жылу режимі нашарлаған, күн тәртібі бұзылған.
Ал №18 ясли-балабақшада повидло, алма шырыны, томат пастасы және күнбағыс майы сияқты өнімдердің сапа сертификаттары болмай шыққан. №14 балабақшаның кейбір қызметкерлері міндетті медициналық тексерусіз жұмысқа жіберілген, директордың өз қызметкерлерінің санитарлық кітаптарын бір жылдан астам уақыт тексермегені анықталып отыр.
№18 және «Шағала» яслилерінде лицензиясыз медициналық қызмет көрсету фактілері анықталды. Прокурорлар тағы екі балабақшада еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтады - оларда кейбір қызметкерлермен еңбек шарты жасалмаған болып шықты.
Тексерулердің қорытындысы бойынша 52,9 мың теңге соманың жеті айыппұлы салынды. Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін балабақшалардың бес қызметкері әкімшілік жауапқа тартылып, оларға да 28 700 теңгенің айыппұлы салынды. Жұмысқа жіберудің медициналық рұқсаты жоқ екі тұлғаның үстінен әкімшілік істер қозғалды. Еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша тағы екі іс қозғалды.
Ақсу қаласы білім бөлімінің бастығының бұйрығымен №14 балабақшаның директорына қатаң сөгіс, тағы бес балабақшаның директорына ескертулер жарияланды.