Ақсу мен Екібастұз қалаларында ертеңнен бастап автоматтық бақылау жүйелері іске қосылады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — «EkinBoxSpotter Павлодар» жүйесінің сертификатталған 60 аппараттық-бағдарламалық кешені Павлодар облысының екі қаласында және аудан орталықтарында жұмыс істей бастайды. 

Ақсу мен Екібастұз қалаларында ертеңнен бастап автоматтық бақылау жүйелері іске қосылады
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

Бұл кешендер көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын автоматты режимде өлшеуге, құқық бұзушылықтарды тіркеуге, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін анықтауға арналған.

— Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жүргізуші тәртібін арттыру мақсатында 22 тамыздан бастап Екібастұз, Ақсу қалаларында және аудан орталықтарында «EkinBoxSpotter Павлодар» жүйесінің 60 сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істей бастайды. Автоматты өлшегіштер ақпаратты Бас прокуратураның әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміндегі деректер базасына беруге арналған. Онда айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама электрондық тәсілмен тіркеледі, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары шекті жылдамдықтан асатын жүргізуші өзіне ғана емес, жол қозғалысының өзге қатысушыларына да қауіп төндіретінін еске салады.

Еске сала кетейік, ауыр жүк көліктері мен жол сапасы мәселесі цифрландыру арқылы шешілмек

Соңғы жаңалықтар