08:38, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Ақсу мешітінің жанынан асхана салынды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ақсу қаласы мешітінің жанынан 500 орындық асхана ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қала тұрғындарының өтініші бойынша оны тұрғызуға қалалық әкімшілік көмектесті, ал жергілікті кәсіпкерлер материалдық қолдау көрсетті.
Бұл жерде дін қызметкерлері халыққа рәсімдік қызметтер көрсететін, қайырымдылық шараларын өткізетін болады.
Асхана ашылған күні түсте ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың құрметіне ас берілді. Ақсуда ұлы ғалымға жақында ғана ескерткіш орнатылғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Ақсулықтар атақты жерлестерін мақтан тұтады.