«Ақсу» өз алаңында «Шахтерден» басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-турында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Павлодар облысының «Ақсу» командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.

Ойын барысында павлодарлық клубтан Евгений Кобзарь 38, Андрей Соловей 57-минутта мергендік танытты. Оған қарағандылық клубтан Роман Мұртазаев 70-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Ақсу» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде 13-орынға көтерілді. Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы) 0:0 есебіне қанағат білдірді. Ал елордалық «Астана» Петропавлда «Қызылжардан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Енді 30 шілдеде «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) кездеседі.

Аталған турдың 10 шілдеде алдын ала өткізілген ойынында «Оқжетпес» (Көкшетау) «Ордабасы» (Шымкент) командасына 0:4 есебімен жол берді.

Ал «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар