Ақсу-Жабағылы қорығының жабайы жануарлары фототұзаққа түсіп қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзақтар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін таспаға түсірді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті.
Қорық мамандарының пікірінше, фототұзақтар жануарлардың қозғалысын, мінез-құлқын және мекен ету ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік береді.
Жиналған деректер биоалуантүрлілікті зерттеуге және табиғатты қорғау шараларын тиімді жоспарлауға көмектеседі.
Әрбір кадр – табиғаттың біз байқай бермейтін құпия тіршілігінен бір үзік сыр.
Айта кетейік, бұған дейін «Бұйратау» ұлттық паркінде қабан мен еліктер фототұзаққа түскен болатын.