Ақсу жылу электр стансасында Қазақстанда баламасы жоқ жүйе енгізілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақсу жылу электр стансасының №3 энергоблогында инвестициялық бағдарлама аясында технологиялық үдерістерді автоматтандырылған басқару жүйесінің (ТҮАБЖ) жоғарғы деңгейі ауыстырылды. Қондырғыны алмастыру үшін компания 66,8 млн. теңгеден астам қаржы бағыттады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

«ТҮАБЖ технологиялық жабдықтарды басқаруда жоғарғы техника-экономикалық көрсеткіштерге жетуге арналған сенімді әрі тиімді құрал», -дейді «ЕЭК» АҚ жылу автоматикасы және электр стансасын өлшеу цехының басшысы Роман Паустьянов.

Энергетиктер энергоблокта орындалған өндірістік міндеттер жөніндегі ақпаратты өңдеу мен сақтауға арналған төрт серверді, жеті операторлық терминал (компьютер), төрт МХ-терминал (алыстаған графикалық терминал), үш желілік коммутатор, желдік коммуникацияларды ауыстырды.

Құрал-жабдықтарды ауыстыру жұмысымен «Интеравтоматика» ЖАҚ мамандары станса жұмысшыларымен бірге айналысты.

«Біздің мәліметімізше, осындай жетілдірілген басқару жүйесі Қазақстан Республикасы аумағында жоқ, - дейді «Интеравтоматика» ЖАҚ тобының басшысы Алексей Олохтонов. - Пайдалану мерзімі ішінде ТҮАБЖ жоспардан тыс жағдайлар болған жоқ. Жүйенің бұл нұсқасынде желілік коммутаторлар көлемі кішірейген, ал өнімділігі арттырылған.
Қазіргі уақытта №3 энергоблок желіге қосылып, алғашқы киловатт-сағаттарды шығаруда».

Еске сала кетейік, Ақсу электрлік стансасында 2001 жылдан бері жабдықтарды жаңарту және қайта құру бағдарламасы жүзеге асырылады. станцияның сегіз энергия блогының бесеуі кешенді жетілдіруден өтті. Бүгінгі күні №5 энергия блогында құны 277 млн. доллар тұратын қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

1996 жылдан бастап «ЕЭК» АҚ жабдықтардың күрделілігі әртүрлі жөндеу және қайта құру жұмыстарына 190 млрд теңге жұмсады.

Ақсу электрлік стансасының қуаты 2450 МВт құрайды.

Соңғы жаңалықтар