Ақсуда мұғалімге ақысыз демалыс бермеген директор жазаланды

АСТАНА. KAZINFORM — Прокурорлар Еңбек кодексін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларды жазалады, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Жаңа жылдан бастап ел өңірлерінде шағын жинақты ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту жобасы басталады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясында білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін 2 мыңнан астам мұғалім мен қызметкердің бұзылған конституциялық құқықтарын қалпына келтірді.

Тексеру барысында Ақсу ауданындағы 35 орта мектепте Еңбек кодексі талаптарының сақталмауы саласындағы бұзушылықтар анықталды.

— Еңбек кодексінің 97-бабының 3-бөлігіне сәйкес жұмыс беруші қызметкердің өтінішінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде ақысыз демалыс беруі тиіс деп көрсетілген. Алайда осы талаптарға қарамастан мектеп директорлары қызметкерлерге мұндай демалысты беруден бас тартқан. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұғалімдер мен білім беру мекемелерінің басқа да қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда оқушыға қол көтерген мұғалім өзге мектепке директор болып тағайындалғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар