Ақсуда пошта ғимараты өртенді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 11 мамырда сағат 05. 28-де Ақсу қаласында орналасқан «Қазпошта Павлодар бөлімшесінің Ақсу пошталық байланыс торабы» ММ-нің үш қабатты ғимаратында өрт болды.
None
None

Өрт бірінші қабатта орналасқан күзетшілердің демалу бөлмесінен шықты. Жалын толығымен 28 минуттан кейін сөндірілді, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан күзетші күйік жарақаттарын алды, ол ауруханаға жеткізілуден бас тартты.

Соңғы жаңалықтар