09:43, 29 Маусым 2010 | GMT +5
Ақсудағы ферроқорытпа зауытында №26 балқыту агрегатының жаңартылуы оның өнім өндіруін 8 пайызға арттырды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауыты жаңартылғаннан соң жылына 30 мың тонна жоғары көміртекті феррохром шығаратын №26 пеш пайдалануға берілді.

Қырық жыл бұрын салынған агрегат 1987 жылы соңғы рет күрделі жөндеуден өткізілген екен. 0,9 млрд. теңге құраған электр пешінің жаңартылуы Ақсу ферроқорытпа зауытын қайта жаңарту және жаңа техникамен жабдықтау бойынша атқарылған инвестициялық іс шаралардың бірі болып табылады.