Ақсулық кәсіпкер әр қойдың жүнінен 10 мың теңге табыс тауып отыр - Павлодар облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақсу қаласының М. Омаров атындағы ауылдық аймағында тұратын кәсіпкер Торғын Какен 2012 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 900 мың теңге несие алып, өзінің жеке тігін цехын ашқан.
None
None

 Бүгінде ол қойдың жүнін кәдеге жаратудың жолын тауып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Машақаты мол жұмыс еңбекқорлықты талап етеді. Бір қойдың жүнінен кем дегенде 10 мың теңге табыс табуға болады. Қазір өз басым 13 бас қой ұстап отырмын. Әбір қойдан 4,5-4 келі жүн алынады. Малдың жүнін қырқып, жуып, кептіргеннен кейін  шұлық тоқимын. Сондай-ақ киіз басып, пима мен текемет, сырмақ  жасаймын. Бұдан қалған қалдықтарды ой-өрнектермен әшекейленген әмияндар мен  сөмкелер жасауға пайдаланамын. Ересектерге арналған пима бес мың теңге болса, балаларға арналған пима 3-2,5 мың теңге тұрады, - дейді киіз басу технологиясын меңгерген қолөнерші.  

 Қазақ ұлтының тұрмыстық бұйымдарын тапсырыспен тігіп, талай қыздың жасауын жасасып жүрген шебердің айтуынша, төрт жылдың ішінде тапсырыс бойынша  300-ге жуық  құрақ-көрпе тігілген. Тіпті, осыдан бірнеше жыл бұрын көрмеде көздері түскен Германиядан келген туристер екі киіз сөмкені   сатып алып кеткен.  Әсіресе, той-думан жиі өтетін жаз маусымында тұрғындар тарапынан сұраныс көптеп түсетін көрінеді.  

Соңғы жаңалықтар