Ақсулық жас музыканттар Грузияда топ жарды - Павлодар облысы
Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, шараға 1000-нан астам жас музыкант қатысқан. Жас өрендердің өнеріне әлемнің 12 елінен келген кәсіби қазылар алқасы баға берген.
"Грузия елі жас таланттарды ерекше қонақжайлықпен қарсы алған. Бұл күндері ауа райы да тамаша болып, бағдарлама Тбилиси қаласының көрікті орындарына саяхат жасаудан басталған. Сондай-ақ жеткіншектер Кутаиси қаласын аралап, «Прометей» үңгіріне барған. Батуми қаласындағы әлемге әйгілі «Жасыл мыс» атты ботаникалық бақта оқушылар раушан және ақ магнолия гүлдерінің 1200-ге жуық түрімен танысып келді. Жүлдеге ие болған «Талапкер» фольклорлық ансамблі 2017 жылдың маусым айында Армения Республикасы мен Финляндия елінің Турки қаласында өтетін сайыстарға шақырту алды", - дейді басқарманың БАҚ-пен жұмыс жөніндегі маманы Айжан Қораласбаева.