Ақтау әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 7 қазанынан Ақтау қаласы әкімінің білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала бойынша орынбасары болып Берішбаев Қуаныш Серікұлы тағайындалды.
None
None

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Берішбаев Қуаныш Серікұлы1984 жылы 7 қарашада Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе селосында дүниеге келген, ұлты - қазақ. Білімі жоғары.

Еңбек жолы:

06.2004ж. - 11.2007ж. «СМК-4» ЖШС - де шебер, участке бастығы, әкімшілік бөлімінің басшысы. 

11.2007ж. - 04.2009ж. «Каспий» ӘКК ҰК АҚ Табиғат ресурстарын дамыту департаментінің менеджері. 

04.2009ж. - 04.2009ж. ҚР АШМ Ақтау қалалық аумақтық инспекциясында жетекші маман. 

04.2009ж. - 05.2010ж. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы. 

05.2010ж. - 07.2011ж. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы. 

07.2011ж. - 04.2012ж. Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басшысы.

04.2012ж. - 08.2012ж. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы.

08.2012ж. - 04.2013ж. Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы.

04.2013ж. -  05.2015ж. Маңғыстау облыстық Энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

05.2015ж. - 10.2016ж. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысының орынбасары.

07.10.2016 ж. бастап Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар