Ақтау, Балқаш және Екібастұзда жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары аяқталды

Кентауға жылу беріле бастады
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

Энергетика министрлігі жылусыз қалған бірнеше өңірде қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.

«9 желтоқсан күні Балқаш қаласындағы Абай және Абдугалиев көшесіндегі жылу желісінің құбырына зақым келіп, 6 сағат ішінде түн мезгілінде қалпына келтірілді. Екібастұз қаласында қазіргі таңда 8 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беруде іркіліс болған жоқ. Ақтау қаласындағы 11а ықшамауданында жылу желісі зақымдалған, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуда. Айта кетейік, бұл қалаларда орын алған оқиғалар технологиялық бұзушылықтар ретінде сипатталады. Ең бастысы тұтынушыларға жылу беруді тоқтатуға жол берілмеді», - делінген хабарламада.

Биыл еліміздегі барлық энергия көздерін тұрақты жылумен қамтамасыз ету бойынша бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыстар атқарылды. Жылумен жабдықтау бойынша апатты жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданды.

ҚР Энергетика министрлігі энергетикалық нысандарды пайдалану мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста және жағдайды қадағалауында ұстап отыр.

Бұған дейін елімізде бірнеше өңір сусыз, жылусыз қалғаны туралы хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар