12:31, 03 Маусым 2013 | GMT +5
Ақтау халықаралық әуежайына АҚШ-тан трансконтинентальдық ұшырылым жасаған Boeing 747 алғашқы рет қонды
АҚТАУ. 3 маусым. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының халықаралық әуежайына АҚШ-тан трансконтинентальдық ұшырылым жасаған америкалық Boeing 747 ұшағы алғаш рет келіп конды.

Чикагодан екі палубалы кең фюзеляжды алып ұшақ екі континент және теңіз арқылы тарихта тұңғыш рет Ақтауға тікелей ұшқан. Әуе көлігі облыстағы кәсіпорындардың біріне мұздатқыш құралдар жеткізді.
«Ақтау халықаралық әуежайы көрсетілетін қызметтер аясын едәуір кеңейтті. Бұған жақын арада сатып алынған жүк тиегіштің арқасында жол ашылды. Оның көмегімен алыс қашықтықтарға ұшатын әуе көліктеріне жүк тиеу және тасуға мүмкіндік ашылды. Жүк тиегіштің көтеру әлеуеті 35 тоннаны құрайды, ал құны 1 млн. АҚШ доллары», - деп атап өтті Ақтау халықаралық әуежай өндірісінің бастығы Валерий Сизоненко.