Ақтау қалалық жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры залында «Ақтау қалалық жастар сыйлығын» салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Онда әр саланың үздік жас мамандары 11 аталым бойынша марапатталды.
None
None

Мұндай шараны ұйымдастыру дәстүрге айналып келеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. «Басты мақсат - жастарды өздері таңдаған бағытқа жігерлендіру, мемлекеттік жастар саясатын және патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыру. Кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін-өзі көрсете білген, ғылым, өнер және басқа да салаларда айтарлықтай жетістіктерге жеткен жас азаматтарды ынталандыру, жастар саясаты мен азаматтық қоғам қалыптастыруда өзіндік үлес қосқан көшбасшылар мен үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілерін қоғам алдында абыройын арттыру. Жыл санап бұл шараға қатысуға белсенділік танытқан жастардың қатары көбейіп келе жатыр», - дейді Ақтау қалалақ жастар саясаты орталығының директоры Әмірхан Құлбаев. Қазылар алқасының шешімімен «Жас дәрігер» аталымы бойынша Нұргүл Қожақова, «Жас дарын» аталымы бойынша Айлазат Ғазибекова, «Жас спортшы» аталымы бойынша Сабина Захарова, «Жас ақын» аталымы бойынша Фархад Мусаев үздік деп танылды. Сондай-ақ «Жас көшбасшы» аталымымен Дәулет Сағынтаев, «Жас ерікті» аталымымен Ринат Бикмұхамедов, «Жас мұнайшы» аталымымен Шыңғыс Әбдіров, «Жас ғалым» аталымымен Мұқаш Оралбаев, «Жас мұғалім» аталымымен Мөлдір Нағимулина, «Жас журналист» аталымымен Әсел Ауданбаева және «Жас мемлекеттік қызметкер» аталымымен Досан Жеткізген марапатталды.

Соңғы жаңалықтар