Ақтау қаласының бас жоспары жаңартылды
АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа редакцияда әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді дамыту, экологиялық тұрақтылықты арттыру, Каспий жағалауының туристік-рекреациялық әлеуетін күшейтуге басымдық берілді, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтау қаласының тұрғын үй құрылысы, көлік және инженерлік инфрақұрылым, жасыл аймақтар, өндірістік және рекреациялық нысандарды дамытуға арналған бас жоспары жаңартылды.
Жоспарды іске асырудың есептік кезеңі 2040 жылға дейін жалғасады.
Сонымен қатар құжат негізінде инженерлік желілерді жаңғырту, көлік логистикасын жетілдіру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау қарастырылған.
— Жаңартылған бас жоспар Ақтаудың аумақтық кеңеюінен қазіргі заманға сай, қолайлы әрі бәсекеге қабілетті қала ортасын қалыптастыруға жол ашпақ. Бұл өзгерістердің арқасында Ақтау Каспий аймағындағы стратегиялық орталық ретіндегі рөлін одан әрі нығайтпақ, — деп атап өтті қалалық әкімдік.
Бұдан бұрын Атырау мен Ақтауда Qazbilim мектептері неге жабылғанын жазған едік.