Ақтау қаласының прокуроры тағайындалды
АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтау қаласының прокуроры болып Челпеков Дауылбай Нұрлыбайұлы тағайындалды.
Дауылбай Нұрлыбайұлы — 1990 жылы 24 қарашада Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. Ақтау қаласындағы «Қайнар» колледжінің филиалын «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін үздік дипломмен аяқтаған (бакалавр, құқық магистрі).
2013 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істеген. Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі болды. 2017 жылдан бастап Ақтау қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы лауазымында болды.
2019 жылдың ақпан айынан бастап Ақтау қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
Тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы, Маңғыстау аудандық прокуратурасының прокуроры болып жұмыс істеді.
Бұған дейін, Ақтау қаласының прокуроры мас күйінде тәртіп бұзғаны үшін ұсталған болатын.
Кейін, Ақтау прокуроры қызметінен уақытша шеттетілгені анықталды.