Ақтау қаласына іргелес ауыл тұрғындары ауадағы ащы иіске шағымданды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласының іргесіндегі Басқұдық ауылының тұрғындары балаларының денсаулығына зиянын тигізе бастаған ауадағы өткір иіске шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Басқұдық ауылының жанында кәріз суларын бұруға арналған арық ағып жатыр. Бұған дейін су магистралі арқылы «Қошқар ата» улы қалдықтар қоймасына тек қаланың қалдығы ғана төгілген. Қазір жақын маңдағы зауыттардан арнаға таратылған пластикалық құбырлар бар.

«Пластикалық құбырларды жүргізу кезінде алынған сынамалар амоний мен нитрит иондарының артық екендігін көрсетті. Сондай-ақ, компаниялар қызметіне мониторинг жүргізу барысында да күкірт пен аммиактың шекті нормасынан асып түскені анықталды», - деп түсіндірді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Мағжан Ғалымов.

Мамандардың айтуынша, арна бүгінде жекеменшікте және жергілікті коммуналдық кәсіпорын мен «ҚазАзот» зауытына жалға берілген. Алайда, кәсіпорында қалдықтарды төгуге рұқсат жоқ.

2020 жылы арнаға тартылған құбырдың бөлшектелгені үшін жауапты тұлғаларға 2 млн теңге айыппұл салынған еді. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 14 млн теңге көлемінде жеке айыппұл төленді.

Осы жолы да тәртіп бұзушыларға қатысты кезекті тексеру жүргізілмек.


Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар