Ақтау қаласында Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің бас ғимараты ашылды

АҚТАУ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Бүгін Шахмардан Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің бас ғимараты ашылды,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

 Оған облыс басшысы Қырымбек Көшербаев, қоғам қайраткерлері, Иран, Ресей мемлекеттерінің құрметті профессорлары, Әзірбайжан, Қалмақ Республикасынан қонақтар мен еліміздегі жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

 Жаңа заман үлгісімен салынған білім ордасы Елбасы Жолдауы негізінде іске асып отыр.

 «Келешекке - кемел біліммен» деген ұранмен соңғы үлгіде жабдықталған білім ордаларын көбейту және сапалы білім беру жүйесін жолға қою мәселелері Ақтау қаласында да оң шешімін тауып отыр», - деді облыс басшысы Қырымбек Көшербаев.

 «Университет жаңа заман технологияларымен қамтылған, оқу- зертханалық базалары соңғы үлгіде даярланған, сондай-ақ университет әлемнің белді оқу орындарымен тығыз байланыста.

Қазіргі  таңда Германия, Польша, Қытай, Түркия елдерінің оқу орындарымен  тәжірибе, студенттер алмасу жұмыстарын жүргізудеміз», деді Университет ректоры Әбдімүтәліп Әбдіжаппарұлы.

Соңғы жаңалықтар