12:28, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Ақтау кеденшілері Араб Әмірлігінен келген контрабанданың ірі партиясын анықтады
АҚТАУ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтау халықаралық теңіз портында «Теңіз порты» кеден бекетінің қызметкерлері БАӘ-ден келген контрабанданың ірі партиясын анықтады.

«Біріккен Араб Әмірліктерінен келген контейнерлерді қосымша тексеру кезінде декларацияланбаған халық тұтынатын тауарлар: автомобиль шиналары, қосалқы бөлшектер және тұрмыстық техника табылды. Аталған факті бойынша материалдар Кедендік бақылау департаментінің Өтініштер мен ақпараттарды есепке алу кітабында ҚР ҚК-нің 209-бабымен (Экономикалық контрабанда) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тіркелді», - деп баяндады Маңғыстау облысы бойынша КБД-нің ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мақсат Ақмұратов.