20:45, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Ақтау: Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ісі бойынша 20 куәгерден жауап алынды
АҚТАУ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - 11 мамыр күні Атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолданумен қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдаланды деп айыпталып отырған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы куәгерлерден жауап алумен одан әрі жалғасты.

Бүгін сот отырысында 20 куәгер сұралды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес процеске қатысушылар куәгерлерге өз сұрақтарын қойды.
Келесі сот отырысы 14 мамырда сағат 10.00-де басталады.