Ақтау маңында құлаған ұшақтың «қара жәшігі» Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қара жәшік Бразилияға зерттеуге жіберілген еді. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлайды.

Ақтау маңында құлаған ұшақтың «қара жәшігі» Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді
Фото: Ашық дереккөзден

— Қазақстанға келген борттағы өздігінен жазғыштың шифрланған деректерін мамандар зерттеп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, Көлік министрлігінен әуе апатын тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылған практикасына сәйкес барлық факті мен материалды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есеп жариялайтынын жеткізді. Онда тергеу барысы туралы анықталған нақты ақпарат ұсынылады. 

Еске сала кетейік, Қазақстан борттағы өздігінен жазғыш құралдарды Бразилияға жіберді. 
Сондай-ақ «қара жәшікті» оқуға неше күн кететіні туралы авиация инженерінің жауабын жарияладық. 

Одан бөлек, «қара жәшік» Бразилияға неге жіберілгені туралы жазған болатынбыз. 

Айта кетейік, Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды, барлығы қайтыс болды

Соңғы жаңалықтар