Ақтау маңындағы әуе апатынан тірі қалған қанша адам еліне оралды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен жандарға қазақстандық дәрігерлер медициналық жәрдемді толық көрсетіп жатыр.

Ақтау маңындағы әуе апатынан тірі қалған қанша адам еліне оралды
Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі

— Бүгін таңертең Ресей Федерациясының 9 азаматы санитарлық авиация бортымен Мәскеуде одан әрі ем алуға эвакуацияланды. Сондай-ақ, бүгін кешке 14 пациент, яғни Әзербайжан азаматтары еліне аттанады. Қазіргі уақытта 6 пациент ем алып жатыр, оның үшеуі Әзербайжан азаматы және үшеуі Қырғызстан азаматы, — деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін вице-министр ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтқан еді. 

Ақтау маңындағы әуе апатынан тірі қалған қанша адам еліне оралды
Фото: Маңғыстау облыстық әкімдігі

Айта кетейік, ұшақ апатын зерттейтін комиссия шетел сарапшыларын күтіп отыр

Сондай-ақ Ресей мен Әзербайжан ұшақ апатын зерттейтін криминалистикалық тергеуге жіберілмейді

Брифинг барысында Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебіне қатысты түсінік берді. 

Сонымен қатар Ақтау маңындағы ұшақ құлаған жерден тағы бір қара жәшік табылғаны белгілі болды. 

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетіледі

Соңғы жаңалықтар