Ақтау маңындағы ұшақ апаты қалай болды

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының қалай болғанын айтып берді.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты қалай болды
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

— Ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігіне енгеннен кейін Ақтау қаласындағы мұнара диспетчерімен байланыс орнатқан. Диспетчер ұшақты әуежайға қондыру бойынша қажетті шараларды дер кезінде қабылдап үлгерген. Ұшу-қону жолағымен визуалды байланыс орнатуды жеңілдету үшін шамдары қосылған, — деді Марат Қарабаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрдің мәлімдеуінше әуе экипажы Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жақындауға екі рет әрекет жасаған. 

— Сол кезде әуе кемесінде ретсіз өзгерістер байқалды. Ұшақ жағалау сызығына қарай ауытқиды, сағат 11:28–де экипажбен байланыс үзіліп, жерге құлады. Бүгінде арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр, оның құрамына көліктегі оқиғалар мен оқиғаларды тергеу департаментінің мамандары кірді, — дейді ведомство басшысы. 

Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебіне қатысты түсінік берді

Соңғы жаңалықтар