Ақтау порты ең заманауи және инновациялық порттардың бірі болады - АЭФ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау порты ең заманауи және инновациялық порттардың бірі болады. Бұл туралы бүгін VIII Астана экономикалық форумында ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.
None
None

«Ақтау порты ТРАСЕКА және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көліктік дәліздердің тоғысында орналасқан. Ақтау портын дамытуға және оның жүк қабылдау мүмкіндігін жылына 21 млн. тоннаға дейін жеткізу үшін Қазақстан үкіметі қыруар қаражаттар бөлуде. Онда ең заманауи логистикалық инфрақұрылымдар салынады және оның құрылысы аяқталған кезде Ақтау порты ең заманауи және инновациялық порттардың бірі болмақ», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар