Ақтау портында Иранға экспортталатын отандық астықтың бірінші партиясын тиеу аяқталуға жақын (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау портында экспортталатын отандық астықтың бірінші партиясын тиеу аяқталуға жақын. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ Маңғыстау филиалы ұйымдастырған баспасөз-турында «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Михаил Ялбачев хабарлады.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, алғаш рет сынақ режімінде қазақстандық арпаны «Түркістан» құрғақ жүк кемесіне тиеу аяқталуға жақын. - Қазақстандық «Түркістан» құрғақ жүк кемесіне солтүстік терминалдан алғашқы астықты тиеу жүргізіліп жатыр. Кемеге 4700 тонна арпа тиеліп, Иранға жөнелтіледі. «Өз жүгің - өз портың - өз флотың» моделін жүзеге асыруға құрғақ жүкті тасымалдауға арналған тағы бір «Бекет ата» кемесі қатысады. Кемелер теміржол арқылы жеткізілген астықты және өзге де жүкті Ақтау портынан ары қарай тасымалдауды жүзеге асырады, - деді Михаил Ялбачев.

Соңғы жаңалықтар